Тараздағы кафелердің бірінде белгісіз біреулер оқ атты

Тараздағы кафелердің бірінде белгісіз біреулер оқ атты
Cурет: Baq.kz

Жараланған екі азамат ауруханаға жеткізілді

Оқиға Абай даңғылында орналасқан «Discovery» кафесінде болған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«25 ақпанында сағат 22:30 шамасында "102" нөмеріне "Discovery" кафесінде белгісіз тұлғалар арасында оқ атылғаны туралы хабарлама түскенін мәлімдеді», – деп хабарлайды Тараз қалалық ПБ.

Оқиға орнына жедел түрде кезекші жасақ пен қосымша қызметкерлер жіберілді.

Жараланған екі азамат ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқан жоқ. Жағдайдың анық-қанығы анықталып жатыр.

Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жасауда.