Танымал хирург Нұрлан Ахпаров өмірден озды

Танымал хирург Нұрлан Ахпаров өмірден озды
Cурет: Baq.kz

Хирург алғаш рет Қазақстан Республикасында 21 операция түрін енгізді. 

Танымал балалар хирургі, медицина ғылымдарының докторы, Еуропа Ғылым академиясының академигі Ахпаров Нұрлан Нұркенұлы өмірден озды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Педиатрия және балалар хирургиясының ғылыми орталығы таратқан ақпаратқа сілтеме жасап.

Ахпаров Нұрлан Нұркинұлы 40 жылдан астам медицина саласында еңбек етті. 28 жылдан астам уақыт Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында жұмыс істеген. Осы жылдар ішінде ол 10 000-нан астам операция жасады, көптеген балаларға екінші өмір сыйлады. 

Ахпаров Нұрлан алғаш рет Қазақстан Республикасында 21 операция түрін енгізді. 
Нұрлан Нұркинұлының 300-ге жуық ғылыми еңбектері бар. Мақалалары халықаралық рецензияланған журналдарда жарияланған.  Үш монографияның авторы. 

Оның жетекшілігімен бір докторлық және екі кандидаттық диссертация қорғалды. Ол түрлі ғылыми форумдарға қатысты (Ресей, Германия, Түркия, АҚШ, Италия, Франция). 

2007 жылдан бастап АҚШ-тағы Cincinnati Children’s Hospital Medical орталығының құрметті профессоры, 2007 жылы Еуропалық жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі болды. 

2016 жылы ғылымға қосқан үлесі үшін Роберт Кох медалімен, 2017 жылы Александр III орденімен марапатталды.