Танымал боксшы Мерей Ақшалов мемлекеттік жаттықтырушы болып тағайындалды

Танымал боксшы Мерей Ақшалов мемлекеттік жаттықтырушы болып тағайындалды
Сурет: Elorda.info

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Өткен аптада танымал боксшы Мерей Ақшалов бокстан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы болып тағайындалды. Абыройлы қызметте табыс тілеймін! Еліміз үшін және әр қазақстандық үшін бокстың орны бөлек. Сол үшін әрдайым әлемдік бокс бәсекесінің алдыңғы сапында болуымыз керек», – деп жазды министр.

Еске салайық, М.Ақшалов карьерасын 2014 жылы денсаулығына байланысты аяқтады. Ол 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадаға қатысқан.

"Астана арландары" сапында Бүкіләлемдік бокс сериясында өнер көрсеткен.

2013 жылы тамызда Азия чемпионы, сол жылы қыркүйекте Алматыда өткен әлем чемпионатында топ жарған.