4 тамызға арналған ауа райы болжамы

4 тамызға арналған ауа райы болжамы
Сурет: Almaty-akshamy

Алматыда ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Синоптиктер 4 тамыз күні ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Күндіз Алматы шаһарында ауа температурасы +32+34 ° градус жылы болады, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

«Иран аудандарынан ыстық және құрғақ ауа массасы елдің батыс және оңтүстік аймақтарын қамтиды. Онда әлі де 35-40 градус, кей жерлерде 43°С-қа дейін өте жоғары температурадағы ыстық сақталады. Атмосфералық фронттардың өтуімен республиканың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел күшейеді және ауа температурасының аздап төмендеуі күтіледі: күндіз солтүстікте, орталықта және шығыста 23-33°С-қа дейін», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.