Тамызда неше күн демаламыз?

Тамызда неше күн демаламыз?
Сурет: Apostrophe.ua

30 тамызда Қазақстанда негізгі мемлекеттік мерекелердің бірі - Конституция күні атап өтіледі.

Биыл Конституция күні сейсенбіге сәйкес келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл күн мереке. Сонымен бірге, Үкіметтің «2022 жылғы демалыс күндерін ауыстыру туралы» қаулысына сәйкес, демалыс күні 27 тамыз сенбіден 29 тамыз дүйсенбісіне ауыстырылды.

Сәйкесінше, қазақстандықтар былай демалатын болады:

  • бес күндік жұмыс аптасымен – демалыс күнінің үш күн қатарынан ауыстырылуын ескере отырып, 28, 29, 30 тамыз (жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі);
  • алты күндік жұмыс аптасымен – екі күн: 28, 30 тамыз (жексенбі, сейсенбі).

Жалпы, бес күндік жұмыс аптасына көшкен қазақстандықтар тамыз айында 9 күн демалады.