Талшыбықтай ұрпаққа тәлiмдi тәрбие керек

Биыл Алмалы ауданы 2 үлкен мерекенi атап өтпек. Бiрiншiсi – елiмiздiң Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы болса, екiншiсi – қыркүйекте ауданымыздың құрылғанына 75 жыл толуы. Осындай iрi тойларды лайықты түрде өткiзу үшiн аудандық Ардагерлер кеңесiнiң жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу комиссиясы аудан әкiмдiгiнiң iшкi саясат бөлiмiмен, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының аудандық филиалымен бiрлесiп, азаматтарды патриоттық сезiмде тәрбиелеудiң 2011 жылға арналған ортақ жұмыс-жоспарын жасады. Мақсатымыз – болашақ ұрпақты рухани-адамгершiлiкке тәрбиелеуде күш-жiгерiмiздi бiрiктiрiп жұмсау. Өйткенi, өскелең ұрпаққа талшыбықтай кезiнде тәлiмдi тәрбие берiлмесе, уақыттың зая кеткенi дей берiңiз. Елге, Отанға сүйiспеншiлiк-өнегенi көрiп өспеген адамға қатайып кеткен соң қанша жерден ақыл қоссаң да, қолыңды мезгiлiнен кеш сермегенмен бiрдей.

Жыл бойы ауданда әртүрлi тақырыпта «дөңгелек үстел» үлгiсiндегi жиын, семинар, жастар акциясы, сондай-ақ Конституция күнiне, «Тiл туралы» Заңның қабылдануына, Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына арналған конференция, тағы басқа көптеген iс-шара өтетiн болады. Жастарға жоғарғы моралдық қасиет пен  патриоттық тәрбие беру үздiксiз, әрi үнемi жалғасын табатын мәселе  болғандықтан, аудандық Ардагерлер кеңесi мұны аудандық оқу бөлiмiмен, аумақтағы оқу орындарымен, басқа да үкiметтiк емес ұйымдармен, саяси партиялармен, ұлттық мәдени орталықтармен тығыз байланыс жасап жүргiзедi.

Жастарды тәрбиелеу Ардагерлер кеңесi төралқасының мәжiлiсiнде, семинар-кеңестерде қаралып тұрады. Жуырда аудандық Ардагерлер кеңесiнiң өткiзген төралқа мәжiлiсiнде Алматы транспорт және коммуникация колледжiнде студенттерге патриоттық тәрбие беру жұмысының тәжiрибесi талқыланып, оның қорытындысы басқа оқу орындарына хабарланды.

Қадiр ҚАБДЕШЕВ,

Алматы аудандық ардагерлер кеңесi төралқасының мүшесi.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *