«Тальго» жолаушылар пойызына тексеру күшейтіледі

«Тальго» жолаушылар пойызына тексеру күшейтіледі
Сурет: Ашық дереккөз

Кейінгі үш жылда вагондардың өртенуіне қатысты 3 жағдай тіркелді

«Тальго» жолаушылар пойыздарына профилактикалық және бақылау тексерулері күшейтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Наурыз айынан жолаушылар пойыздарына тексеру жұмыстарын жүргізу жылжымалы құрам жасақталатын пункттерден басталады.

Кейінгі 3 жылда жолаушылар тасымалдайтын Patentes Talgo S.L. жүрдек пойыздарында техникалық вагондардың өртенуіне қатысты 3 жағдай тіркелді

Келеңсіз оқиғалардың орын алуына жылжымалы құрам иелерінің өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп болған.

2022 жылы ҚР ИИДМ Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері өрт қауіпсіздігінің талаптарына байланысты 100-ден артық бұзушылықты анықтап, 2 млн теңгеден аса қаражатқа әкімшілік айыппұл салған.

Биыл наурыздан бастап жолаушылар пойыздарына тексеру жұмыстарын жүргізу жылжымалы құрам жасақталатын пункттерде жүзеге асырылып, бұл ақауы бар вагондардың рейске шығуын алдын алады.