Талғарда жоғалған қызды сүңгуірлер іздеп жатыр

Талғарда жоғалған қызды сүңгуірлер іздеп жатыр
Сурет: talgarnewskz

Ол бейнебақылау камераларының біріне жігітімен бірге түсіп қалған

Алматы облысы Бесағаш ауылының 22 жастағы тұрғыны 7 тамыз күні үйінен шығып кеткен. Полицейлер мен еріктілер оны бес күннен бері іздеп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол бұған дейін бейнебақылау камераларының біріне жігітімен бірге түсіп қалған.

Қыз суға батып кеткен болуы мүмкін деген де нұсқа қарастырылып жатыр. Іздестіруге шұғыл сүңгуірлер тартылды. Қазір олар Тасқұм көлінің түбін қарап жатыр.

Сонымен қатар тау жотасын тексеруге кинологтар шақырылды.