Талдықорғанда қос кітаптың тұсауы кесілді

Талдықорғанда қос кітаптың тұсауы кесілді
Cурет: Алматы облысы әкімдігі

«Томас, Люси және Алатау» мен «Ұлы дала саяхатшылары» атты кітап жарық көрді

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Талдықорғанда қос кітаптың тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Аударма кітаптар «Рухани жаңғыру»  мемлекеттік бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көріп, баспадан 1000 данамен шықты. 

Кітаптардың таныстырылымына «Томас, Люси және Алатау» кітабының авторы Джон Стюарт,  «Ұлы дала саяхатшылары» шығармасының авторы Ник Фил онлайн форматта қатысы.

«Осы кітапы тиісті оқу орындарына және кітапханаларға беріп, қазірден түсініп отырмыз, осы кітаптардың оқырманға үлкен қызығушылық артатынын. Ары қарай, оны көбейту мәселесі қиынға апармайды. Жұмыс ары қарай өзінің жағасын табады», -деп атап өтті Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов. 

Жалпы, осыдан 2 жыл бұрын Талдықорғанда «Томас, Люси және Алатау» кітабының тұсаукесері өтіп, авторы Джон Масси Стюарт Жетісу жеріне арнайы келген болатын. Дәл сол уақытта кітапты қазақ және орыс тілдеріне аударуға ұсыныс тасталған еді. Ал, өткен жылы жоба қолға алынып, бүгін аударма кітап қазақ тілді оқырманға жол тартты. Кітапта, Аткинсондардың Сібір мен қазақ даласында басынан кешкендері жайлы баяндалады. 

«Бұл кітаптың оқырманға берері көп. Өйткені, ең алдымен Жетісу оқырманына қызық болады. Өйткені, оқып отырған кезде Жетісулықтар өздеріне таныс мекендердің атауларын кездестіреді. Бірақ тек Жетісулықтармен шектелмейміз. Өйткені, бұл кітаптың дереккөз ретінде бүкіл қазақ оқырманына маңызы зор»,- дейді аудармашы Бақытжан Бұқарбай.

Ал, «Ұлы дала саяхатшылары» кітабында Папа елшілерінен бастап, Ресей революциясына дейін жазылған. Аударма авторы – Алмас Нұрбақытов. Алдағы уақытта қос кітаптың тұсаукесерін Біріккен Корольдікте де өткізу жоспарда бар.