Талдықорған-Үштөбе тас жолының бойында жантүршігерлік жол апаты болды

Талдықорған-Үштөбе тас жолының бойында жантүршігерлік жол апаты болды
Сурет: 24.kz

Жол апатынан екі жүргізуші қаза болды

Алматы облысының Талдықорған-Үштөбе тас жолының 41 шақырымында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Тойота Карина мен Ауди 80 маркалы көліктерінің бетпе-бет соқтығысуынан екі адам қаза тапты. Марқұм болғандардың екеуі жүргізуші. Одан өзге төрт жолаушы түрлі дене жарақатын алды. Олар "жедел жәрдем" көлігімен Қаратал аудандық ауруханасына жеткізілді. Облыстық ПД аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғап тергеп-тексеру амалдарын бастады