Талдықорғанда жас қызды зорламақ болған жігіт ұсталды

Талдықорғанда жас қызды зорламақ болған жігіт ұсталды
Сурет: Polisia.kz

Күдіктінің қызға тиіспек болған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Талдықорғанда полицейлер 12 жасар қызға тиіскен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Күдікті 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Бұған дейін ол қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

"Ер адам Талдықорған полициясына жеткізілді", – деді Жетісу облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Эльдар Әбдікенов.

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы – "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша жүргізіліп жатыр. Ұсталған адамның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Күдіктінің қызға тиіспек болған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.