Талдықорғанда атыс қаруы бар қойма табылды

Талдықорғанда атыс қаруы бар қойма табылды
Сурет: Polisia.kz

«Сайга» карабині, «ИЖ-56» аралас мылтығының кесіндісі, сигналдық револьвер, тапанша

Талдықорғанда атыс қаруы бар қойма табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Талдықорғандағы саяжайлардың бірінен өңірдің полицейлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жетісу облыстық департаментіндегі жедел уәкілдерімен бірлесіп ірі қару қоймасын анықтады.

«Қоймадан «Сайга» карабині, «ИЖ-56» аралас мылтығының кесіндісі, сигналдық револьвер, тапанша, сонымен қатар 100-ден астам түрлі калибрлі патрондар, 13 гильза, кісен және кобура тәркіленді»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді.