Таиландтағы турнирде қазақстандық үш боксшы «алтын» алды

Таиландтағы турнирде қазақстандық үш боксшы «алтын» алды
Cурет: Inform.kz

Сәкен Бибосынов жарыс жолынан шығып қалды

Таиландтың Пхукет қаласында қаласында өткен Thailand Open-2022 турнирінде қазақстандық боксшылар үш алтын медаль алды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ел құрамасынан Серик Теміржанов (57 келі), Нұрбек Оралбай (81 келі) және Айбек Оралбай (91 келі) алтыннан алқа тақты.

Ал Сұлтан Мусинов (63 келі) және Асланбек Шымбергенов (69 келі) финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ, Аятулла Тәкіжанов (75 келі), Сағындық Тоғамбай (91 келі) және Санатәли Төлтаев (63 келі) қола медаль алды.

Аталған турнирде 52 келіде Сәкен Бибосынов, 75 келіде Тимур Нұрсейітов жарыстың түрлі сатысында жарыс жолынан шығып қалды.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық 5 боксшы финалға шыққанын хабарлаған едік.