Таиландта туристер үшін елге кіру ережесі өзгерді

Таиландта туристер үшін елге кіру ережесі өзгерді
Сурет: 24.kz

 Үкіметтің мұндай шешім қабылдауына елдегі эпидахуалдың тұрақтылығы мен халықты вакциналаудың жоғары деңгейі себеп болды

Таиланд билігі шетелдік туристер үшін елге кіру ережесін өзгертті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Бүгіннен бастап оларға Thailand Pass жүйесін қолданудың қажеті жоқ.

Сонымен қатар медициналық сақтандырудың болуы да міндетті емес. Туристердің қолында теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасы немесе вакцина алғанын растайтын құжат болса жеткілікті.

Үкіметтің мұндай шешім қабылдауына елдегі эпидахуалдың тұрақтылығы мен халықты вакциналаудың жоғары деңгейі себеп болды. Осы уақытқа дейін тұрғындардың 76 проценті екпе салдырған.