Таиланд астанасының атауы өзгерді

Таиланд астанасының атауы өзгерді
Сурет: Toursthailand.ru

Ендігі атауы Krung Thep Maha Nakhon болады.

Тайланд билігі мемлекет астанасының ресми атауын өзгертті. Алдағы уақытта ол Бангкок деп аталмайды. Бұл туралы Корольдік қоғамның кеңсесі жариялады және министрлер кабинеті мақұлдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz РИА Новости cілтеме жасап.

Бангкоктың орнына қалаға тарихи атау - Krung Thep Maha Nakhon қайтарылады. Алайда, жаңа ресми атау барлық заң жобасын тексеруге жауапты комитет тексергеннен кейін қабылданады. 
Ғалымдар астананың аты өзгермегенін атады, себебі Бангкок - қазіргі атаудың да қысқартылған түрі. Жаңа атауды қазақ тіліне көптеген таңбалардан тұрады,яғни: «Періштелер қаласы, ұлы қала, қала - мәңгілік қазына, Құдайдың Индра қаласы, тоғыз асыл тастармен сыйланған әлемнің ұлы астанасы, молшылыққа толы бақытты қала, құдайдың мекенін еске түсіретін зәулім Король сарайы, реинкарнацияланған құдай патшалық ететін қала, Индра сыйға тартқан және Вишвакарман салған қала. Бұл атау ресми түрде әлемдегі ең ұзын атау және бұл атау Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген.

Бангкок атауы 2001 жылдың қарашасынан бастап сол бөлімнің бұйрығымен қолданылып келеді.