Тағылымы мол шара

Тағылымы мол шара
almaty-akshamy.kz

Алматылық энергетиктер Ұлы Жеңіске құрмет көрсетіп, ерлікке тағзым етті. 

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ұжымы ҰОС ардагерлерімен бірге  «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойды. Ұрпаққа тағылымы мол шара бір мезетте бірнеше орында өтті.

Дәлірек айтсақ, алматылық  энергетиктер  Алматы қаласы мен облысында орналасқан 30-дан аса ескерткішке бір мезетте гүл шоқтарын қойып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым жасады.

Шараға «АЖК» АҚ қызметкерлері, ҰОС және тыл ардагерлері мен интернационал жауынгерлер қатысты.