Тағы бір саяси партияны тіркеу құжаттарын Әділет министрлігі тексеруде

Тағы бір саяси партияны тіркеу құжаттарын Әділет министрлігі тексеруде
Сурет: Ашық дереккөз

«Халық дербестігі» саяси партиясынан өтініш келіп түсті

2022 жылғы қараша айындағы көрсеткіш бойынша 7 саяси партия тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Әділет министрлігіне сілтеме жасап.

1. «AMANAT» партиясы

2. «Ақ Жол» Қазақстан демократиялық партиясы

3. «Қазақстан Халық» партиясы

4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы

5. «Adal» Саяси Партиясы

6.«Жалпыұлттық социал-демократиялық партия».

7. «Байтақ» қазақстандық жасылдар партиясы

Осы жылы мемлекеттік тіркеуге «Халық дербестігі» саяси партиясынан өтініш келіп түсті, құрылтай құжаттарына сараптама жүргізілуде.

2022 жылдан бастап Әділет министрлігіне 10 бастамашыл топтан партиялар құру туралы хабарламалар түскен, оның төртеуіне растау берілді, қалған партияларға «саяси партиялар туралы» Заңның 8-бабының талаптарын бұзуға байланысты тіркеу берілмеді.

Бұдан дейін хабарланғандай бүгін Қазақстанда жаңа саяси партия тіркелді.