Тағы бір партия ОСК-ға құжаттарын өткізді

Тағы бір партия ОСК-ға құжаттарын өткізді
Сурет: Egemen.kz

Respublica партиясы биыл 18 қаңтарда ресми түрде тіркелді.

Respublica партиясы Орталық сайлау комиссиясына 19 наурызда өтетін кезектен тыс Мәжіліс және мәслихаттар депутаттары сайлауына тиісті құжаттарды өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Орталық сайлау комиссиясы мүшелері Respublica партиясы өкілдері тапсырған әр құжатты жеке тексерді.

«Құжаттар ҚР Сайлау туралы заңның 87-бабында көрсетілген тізім бойынша ұсынылады. Ұсынылған құжаттар бойынша ескертулер жоқ», - деді ОСК құжаттарды қабылдау комиссиясының басшысы Әлия Ғалымова.

«Бүгін Орталық сайлау комиссиясына тиісті құжаттарды тапсырдық. Партия атынан сайлауға 25 кандидат және 4 үміткер бірмандатты сайлау жүйесі бойынша бақ сынайды. Оның ішінде ерлер - 17, әйелдер - 8. Кандидаттардың орта жасы – 38. Үміткерлердің ең кішісі 25-те, үлкені 51 жаста», - деді Respublica партиясының сайлауалды штабының басшысы Олжас Құспеков.

6 ақпанда партия съезінде Мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін бекітті.  

Нәтижесінде аталған партия атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізіміне 29 адам енгізілген еді.