Тағы бір өңір «жасыл» аймаққа өтті

Тағы бір өңір «жасыл» аймаққа өтті
Cурет: 24.kz

Алматы әлі «қызыл» аймақта

6 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды,Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Жамбыл облысы.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Айта кетейік, кеше Маңғыстау облысы «сары» аймақта тұрған еді.