Тағы бір облыс «сары» аймаққа өтті

Тағы бір облыс «сары» аймаққа өтті
Cурет: Inform.kz

Өңірлердегі эпидахуал

13 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.

Кешегі мәліметпен салыстырғанда Батыс Қазақстан облысы «қызылдан» «сары» аймаққа өтті.