Тағы бір кәсіби мереке бекітілді

Тағы бір кәсіби мереке бекітілді
Сурет: Zharar.com

Үкімет басшысы қаулыға қол қойды.

Енді 10 қарашада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні аталып өтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» тиісті қаулыға қол қойды.

Осыған байланысты 17 мамырда аталып өтілетін Байланыс және ақпараттандыру қызметкерлері күні мерекесі Байланыс қызметкерлері күні болып өзгертілді.