Тағы 42 қазақстандық Түркиядан оралды

Тағы 42 қазақстандық Түркиядан оралды Сурет: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Барлығы 64 адам әкелінген.


Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Түркияда 75 мыңға жуық қазақстандық болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


2023 жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 56 адамнан тұратын екінші эшелоны қажетті іздестіру-құтқару құралдарымен Түркияның Газиантеп провинциясына келді. Дәл осы арнайы ұшақ Түркиядан Қазақстанға 64 адамды жеткізді.


ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен кері рейспен ИЛ-76 ұшағымен 64 адам:


42 Қазақстан азаматы;


22 Қырғызстан азаматы Астанаға қайтарылды.



«Елге оралған азаматтар Газиантеп, Мерсин, Кахраманмараш, Диарбакыр, Шанлыурфа және Элязык провинцияларынан келген», -деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігі.



2023 жылы 6 ақпанда таңертең Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкінісі болды.


7 ақпанда Мемлекет басшысының тапсырмасымен қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер Төтенше жағдайлар министрлігінің арнайы рейсімен Түркияға ұшты. Сол арнайы рейспен кешкі уақытта Түркиядан Астанаға 16 қазақстандық пен екі қырғызстандық келген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42