Тағамды дұрыс таңдаңыз

Тағамды дұрыс таңдаңыз
moneyman.ru

Тағам өнімдерін таңдаған кезде аса мұқият болған жөн, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz bag kz сілтеме жасап.

Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесінің өзектілігі жыл сайын артып келеді. Өйткені тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – бұл адамдардың денсаулығын анықтайтын негізгі факторлардың бірі екені анық. Осы орайда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары гигиеналық талаптарға сәйкестікке сараптама жүргізу үшін өнімдердің қауіпсіздігіне мониторинг жүргізіп отырады.

Тауардың кесіндісін және қатерді бағалауды ескере отырып, бақылау кезінде тамақ өнімдерінің ет, балық, кондитерлік өнімдер, сүт сынды барлық түрлері қамтылады. Мониторинг нәтижелері бойынша 2021 жылы тамақ өнімдерінің сынамаларының 2239-ы зерттелді. Оның ішінде импорттық өндіріс 70%-ды, отандық өндіріс 30%-ды құрады. 183 сынама талаптарына сәйкес келмеді. Оның 64%-ы импорттық, 36%-ы отандық өндірістен анықталды, - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі. 

Департамент таратқан деректерге сүйенсек, талаптардың бұзылуы арасында 30%-дан 70%-ға дейін тағам өндірушілердің таңбалау қағидаларын ұстанбауы жиі кездеседі.

Сондай-ақ өнімдерде ішек таяқшасының бактериясы немесе патогенді флораның анықталуы, микроорганизмдердің рұқсат етілген сандарынан артуы, яғни «шіруі», «көгеруі» байқалады. Сонымен қатар тұтынушыны алдау немесе жаңылыстыру арқылы өнімнің құрамы бойынша таңбалауда мәлімделген өнімге сәйкес келмеуі, мысалы, жануарлар ДНҚ-ның немесе ГМО табылуы орын алған. Өкінішке қарай, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін сату өте жиі кездеседі, - деді департаментте. 

Сауда нысандары жеткізушілерден тез бұзылатын кондитерлік, дайындау күні мен жарамдылық мерзімі көрсетілмеген, құжаттарсыз өнімдердерді қабылдау және одан әрі сату жалғасуда. Бұл жағдайлар жұқпалы аурулар мен тамақтан уланудың пайда болуы мен таралуына әкеліп соқтыратыны айтпаса да түсінікті.

Сауда желілерінде сыртқы түрі бойынша сәйкессіздіктер, сақтау және таңбалау шарттарының бұзылуы сияқты бұзушылықтар анықталған жағдайда аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарын хабардар ету қажет.