Тәртіп сақшылары Алматыда кальян барларына рейд жүргізіп жатыр

Тәртіп сақшылары Алматыда кальян барларына рейд жүргізіп жатыр
Сурет: Polisia.kz

Соңғы жылдары қоғамдық тамақтану орындарында, түнгі клубтар мен барларда кальянды пайдаланғанды ​​жөн санайтын жастар көбейіп келеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

«Өкінішке орай, олардың көпшілігі кальян шегудің зияны жоқ және қарапайым темекіге зиянсыз балама деп санайды. “Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” кодексінің 110-бабы 5-тармағына сәйкес, қоғамдық тамақтандыру нысандарында және демалуға арналған орындарда кальян шегуге тыйым салынады. “Темекі түтінінен азат Қазақстан үшін!” коалициясымен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, біз профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргіземіз. Жыл басынан бері қоғамдық орындарда темекі шеккені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша 3851 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 127-сі - кәсіпкерлік субъектілері», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, кальян шегетіндерге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

«Бұзушылық қайталанған жағдайда - 20 АЕК көлемінде, ал мекеме иелеріне - 20-дан 60 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Сондай-ақ құқықбұзушылықтың себептері мен шарттарын жою бойынша шаралар қабылдауды ұсыну жүзеге асырылады», – деді Ұзабаев.