Таеквондодан әлем чемпионатында қазақ спортшылары 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды

Таеквондодан әлем чемпионатында қазақ спортшылары 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды
сурет: Inform.kz

 София қаласында дүбірлі доданың екінші күні мәресіне жетті

Таеквондодан Қазақстанның жастар құрамасы әлем чемпионатында екі күміс пен бір қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz таеквондо федерациясына сілтеме жасап. 

Болгарияның София қаласында дүбірлі доданың екінші күні мәресіне жетті. Спортшыларымыз арасынан Әсет Ізғалиев (48 кг), Айдана Сүндетбай (46 кг) мен Тамерлан Тілеулес (51 кг) ерекшеленді. 

Финалда оңтүстіккореялық Юнсео Кимге есе жіберген Айдана Сүндетбай, Оңтүстік Корея өкілі Х.Янгтен айласын асыра алмаған Тамерлан Тілеулес жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. 

Ал 48 кг салмақтың жартылай финалында Әсет Ізғалиев ирандық А.Зандимен кездесіп, қола медаль алды. 

Осылайша, әзірге жастарымыздың қоржынында екі күміс пен бір қола медаль бар.