Табысын жасырып, алименттен жалтара алмайды

Табысын жасырып, алименттен жалтара алмайды Сурет: Liter.kz

Кейбір азаматтардың алимент төлей алатындай жағдайы бар.


Бірақ соған қарамай, баласын асыраудан әдейі жалтарады, табысы мен мүлкін жасырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы Айдос Иманбаев айтты.



«Кейбір борышкерлер нақты қаржылық мүмкіндіктері бола тұрып, балаларын асыраудан әдейі жалтарады, табысы мен мүлкін жасырады. Бүгінгі таңда алименттің мөлшері борышкердің табысына байланысты белгіленеді. Бұл теріс пиғылды борышкерлерге табыстарын жасанды түрде азайтып көрсетуге жол береді. Әдетте, бұл борышкерлердің көпшілігі жеке кәсіпкер ретінде ресми тіркеліп, өздеріне ең төменгі жалақы 70 000 теңге белгілейді», - деді мәселе көтерді Айдос Иманбаев.



Оның айтуынша, бұл мәселелерді шешу үшін балалардың құқығын қорғау жөніндегі уәкiлеттi орган бастамасымен алимент мөлшерiн қайта қарау ұсынысы көтеріліп жатыр.



«Әділет министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, борышкерлердің жасырын табысын, яғни такси қосымшалары, курьерлік қызметте жұмыс істейтін адамдардың табысын анықтау мәселелерін пысықтауда», - деп бөлісті Айдос Иманбаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамау
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Пікіріңізге рахмет