Табысы аз мамандық иелеріне несие беріле ме?

Табысы аз мамандық иелеріне несие беріле ме?
almaty-akshamy.kz

Банктер кімге несие беруге болаты­нын, кімге беруге болмайтынын қалай анықтайды? Табысы төмен мамандық иелері сырт қалады ма?

АЙНҰР,  Алмалы ауданы.

Банктің кредит комитеті қарызгерді таң­дағанда оның басқа несиелері бар-жоқтығын, бұдан бұрын алған несиелерін қалай төле­генін, табысын есепке алады. Қаржы ұйым­дарының бұл сұраққа ресми жауабы осындай болып келеді. Бірақ бейресми ақпаратқа сү­йенсек, банктер қаржыгерлер мен заңгерлер­ге несие беруден қатты сақтанады. Олардың табысы, тіпті бірнеше мың доллар болса да несиеге өтінішін мақұлдамайды. Өйткені, осы екі мамандық иелері келісімшарттың бүге-шігесін жақсы білетіндіктен, ертең банк менеджерлерінің екі аяғын бір етікке тығуы мүмкін.

Сондай-ақ, қомақты кредит алып, заң бойынша банкті «лақтыратындардың» дені заңгерлер деген мәлімет те бар. Одан өзге көлік жүргізушілері, полиция, ұлттық қауіпсіздік қызметі және әскерилер несие берілмейтін мамандықтардың бейресми тізіміне кіреді.