Таңдау дұрыс жасалды

Сайлауға қатысу кез-келген азаматтың парызы. Себебi, сайлауда болашақ Президентке елдiң ертеңi аманатталады. Бiз өз болашағымызға немқұрайлы қарамауымыз керек. Өйткенi, бiздiң болашағымыз бiздiң тағдырымыз.

Қазақстан халқы Президент сайлауында бiр кiсiдей белсендiлiк танытты. Оны елiмiздiң басты телеарналарынан көрдiк. Жалпы, бұл сайлауда әсiресе, елiмiз жастарының рухын көтеруде көптеген iргелi жұмыстар жасалды. Елдiк жұмыстарға жұмылдыру мақсатында «Менiң дауысым алғашқы, менiң дауысым маңызды!» атты акцияның өтуi жастардың бойына жiгер болып құйылып, от болып өрiлдi. Сайлаудың ашылу құрметiне орай, Мемлекеттiк Әнұранның шырқалуының өзi барша сайлаушылардың санасына: «Ел қалаған таңдауды жаса!» деген ойды сiңiрдi.

Жалпы, бұл сайлау бүкiлхалықтық ынтымақтастық сипатына ие. Шын мәнiнде, Мемлекет басшысын сайлау – өте жауапты науқан, оған қатысу – әрбiр азаматтың қасиеттi мiндетi. Дамыған елдерде ол тарихи оқиға ретiнде бағаланады. Заңды сайланған Мемлекет басшысы ғана халықтың қамын ойлап, елдiң әлеуметтi жағдайын жасауға нақты қадамға барады. Сондықтан да болар, болашақты таңдайтын саяси науқанға ешкiмнiң бейжай қарамағанын байқаймыз.

Бұдан халықтың Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жыл iшiнде қол жткен тарихи өзгерiстердi жалғастыру үшiн елiмiздi iскер де беделдi, халықаралық та, ұлтаралық та қарым-қатынастың ұлылығын бұзбайтын ұлт қайраткерiне сенiм бiлдiргенiн көремiз. Халық Қазақстанның тұрақты дамып, тұрғылықты халықтың мақсат-мұратына жетуi үшiн елдiң келешегiн таңдауда қателескен жоқ.

Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ,

Қазақстан Педагогикалық Ғылым академиясының президентi,

ҚР Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *