Тағы бір қазақстандық отбасы үшеммен толықты

Тағы бір қазақстандық отбасы үшеммен толықты Сурет: Inform.kz

Жас отбасында бірден үш қыз бала дүниеге келді


Алматы облысында 26 жастағы жас ана үшем дүниеге әкелді. Сәбилердің үшеуі де - қыз бала, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Үшемдердің анасы - Көксу ауданының тұрғыны Ардагүл Әскербек. Ол - Талдықорғандағы қоғамдық-саяси «Алатау» газетінің тілшісі. Бұл басылымды белгілі айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов басқарады. «26 жастамын.Тұңғышым бес жаста. Бір қызым, екі ұлым бар. Бүгін, міне, үшемнің ата-анасы атанып, 6 балалы болдық. Тәубә, Алланың қалауы. Негізі жолдасым жақтан да, өзім жақтан да тұқымымызда егіз бар. Бірақ үшем жоқ», - дейді журналист, жас босанған ана Ардагүл Әскербек.


Ардагүл бүгін Талдықорған қаласындағы облыстық перинаталдық орталықта таңертең сағат 10:10 шамасында босанған. «Сәбилерімнің жағдайы жақсы. Салмағы - 1900 г, 1800 г және 1700 грамм. Қазір дәрігерлердің бақылауында», - деді жас ана. Шаңырағы шаттыққа бөленіп жатқан жас отбасы ата-анасымен бірге тұрады.


Естеріңізге сала кетейік, бүгін елімізде тағы бір отбасында үшем дүниеге келгенін хабарлаған болатынбыз. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07

13:02

12:56

12:09

11:41

11:31

11:26

11:21

11:09

10:52

20:11

19:41

19:13

18:41

18:41

18:17

18:12

17:26