Тағы бір автобус машрутының сызбасы өзгереді

Тағы бір автобус машрутының сызбасы өзгереді
Сурет: Іnalmaty.kz

Бұл туралы «Алматыэлектротранс» ЖШС мәлім етті.

15 қыркүйектен бастап  Алматыдағы № 113 автобус  машрутының сызбасы өзгереді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Енді Жароков көшесінен келе жатқанда Шевченко көшесімен Байзақов көшесіне бұрылмай, Байтұрсынов көшесіне дейін барады, әрі қарай бағыты бойынша жүреді.

Кері қайтқанда Байтұрсынов көшесінен Жамбыл көшесіне бұрылады да, Жароков көшесіне дейін, әрі қарай бағыты бойынша жүреді.