ТҰЗ НЕГЕ ҚАУІПТІ?

Ғалымдар 12 жылдан бері тұзға бұқты­рылған балықтың (селедка) адам ағзасына қаншалықты зиянды екенін айтып келе жатқанын білетін болуымыз керек. «Жүрек тұзды ұнатпайды». Бұл кардиологтардың еуропалық ұйымының Барселонада өткен мәртебелі жиынның мінберінен айтылған сөз.

Әлгінде айтқанымыздай, осыдан 12 жыл бұрын профессор П.Йоусилихти бас­таған ғалымдар 25–64 жас аралығындағы 4630 науқасқа өз зерттеулерінің нәтижесіне көз жеткізу үшін сынақ жасайды. Таяуда соның қорытындысы шықты. Тұзды шектен тыс пайдалану ауыр, жүрек қантамырлары ауруына әкеліп соқтырады екен. Мәселен, күн сайын 13,7 грамм мөлшерінде тұз пайдаланған адам жүрек ауруымен екі есе зардап шегетін көрінеді. Жалпы, сіздің қан қысымыңызға қарамастан егер тұзды көп пайдалансаңыз, жүрек талмасы, басқа да ауруларды қоздыруға себепші болады.

Әрине, тұзсыз тағы да болмайды. Демек, физиологиялық қажеттілікті қамта­масыз ету үшін күніне 2-3 грамм ғана пайдаланған дұрыс.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау кепіл­де­месіне сенсек, тұзды күніне 5 грамнан артық тұтынбасаңыз, жылына 2,5 млн. адамның өмірі сақталып қалады екен.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close