Тәлімгерлік – мемлекеттік қызметшінің кәсіби қалыптасуының кепілі

Мемлекеттік қызметке кіру кезінде жас маманның бейімделу процесінің рөлін ескере отырып, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лаузымдарына алғаш рет қабылданған тұлғаларға, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 20-бабы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы №21 бұйрығына сәйкес сынақ мерзімі тағайындалып, тәлімгер бекітіледі.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының 2015 жылы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастырудағы 4 қадамы шеңберінде, 3+3 формуласы бойынша мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін міндетті түрде сынақ мерзімі болуы көзделген (тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау).
Тәлімгерліктің мақсаты мемлекеттік органдар жұмысының сабақтастығын қамтамасыз ету және қызметшілерді (қызметші – мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған адам) бейімдеу, қызметшілерге олардың кәсіби даярлығында көмек көрсету болып табылады.
Тәлімгерлік институты кадр саясаты және адами ресурстарды жетілдіру мәселелеріндегі өзінің тиімділігіне байланысты өткен уақытта да, қазіргі уақытта да тәжірибеде кеңінен қолданылды.
2020 жылдың 9 айында Алматы қаласының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне қабылданған 274 адамға сынақ мерзімдері тағайындалып, олардың ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш қабылданған 271 адамға тәлімгерлер бекітілген. 2019 жылдың 9 айы бойынша тәлімгерлік 208 адамға бекітілген болатын.
2019 – 2020 жылдардың дерегі тәлімгерлік тағайындалған тұлғалардың саны 76% көбейгенін, яғни мемлекеттік қызметтің тартымдылығы артқанын көрсетіп отыр.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы 3+3 формуласы бойынша сынақ мерзімі 6 айға ұзартылғандар болмаған, керісінше 2019 жылдың 9 айы бойынша 1 адамның сынақ мерзімінің нәтижесі қанағаттанарлықсыз болған соң қайта ұзартылмайтын үш айға созылған. Бұл белгілі бір дәрежеде мемлекеттік қызметке алғаш кіргендердің тәртіпке келтірілгенін көрсетіп отыр. Егер өткен жылы 1 факт байқалса, биыл жағдай жақсарды.
Мемлекеттік органдарда тәлімгерлікті ұйымдастыру Қағидаларға сәйкес Персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жүктеледі.
Тәлімгерлік рәсімі тиісті құжаттармен ресімделеді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшіні тәлімгер ретінде бекіту мемлекеттік органның сынақтан өтушіні жұмысқа қабылдау туралы актісіндегі уәкілетті адамның бұйрығы негізінде жүргізіледі, содан кейін тәлімгер сынақтан өтушіні бейімдеу мен кәсіптік даярлаудың жеке жоспарын әзірлейді. Одан кейін тәлімгерлік мерзімі аяқталғаннан кейін сынақтан өтуші осы жеке жоспардың орындалуы туралы есеп жасайды, ал тәлімгер сынақтан өтушіге пікір дайындайды.
Тәлімгердің рөлі маңызды. Ол өз кезегінде сынақтан өтушінің бейімделу жоспарын орындауына күнделікті бақылауды жүзеге асырады және оған таңдалған мамандықты игеруге көмектеседі, қызметтік міндеттерді түсіндіріп, оларды сапалы орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Жіберілген қателерді анықтап, бірлесіп талдайды және жояды. Сонымен қатар, сынақтан өтушіні ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысуға тартады, салауатты өмір салтын жүргізуге үгіттейді, жалпы мәдени және кәсіби зерденің дамуына көмектеседі, патриотизмге тәрбиелейді. Қажеттілік болған жағдайларда, сынақтан өтуші жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшенің басшысына оған тәрбиелік, тәртіптік әсер ету шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгізеді және тәлімгерлік бойынша жұмыс жағдайы үшін жауапты болып табылады.

Гүлсім Арынқызы Бейсембинова,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close