«Түйелі кітапхана»

Пәкістанда шалғай ауылдардағы балаларға «Түйелі кітапхана» барып жүр. Сол арқылы барлық балалар тегін кітап оқи алады. «Түйелі кітапхана» әзірге Белуджистан облысының 4 ауылына барып жүр.

Ұйымдастырушылар бір елдімекенде 2-3 сағатқа бөгеледі. Коронавирус індеті басталғалы аталған елде 50 миллионнан астам оқушы мен студент үйге қамалған. Қазір мектептер ашық болғанмен кітап жетіспейді. Сондықтан жергілікті билік былтыр тамызда басталған «Түйелі кітапхана» жобасының жалғаса бергенін қалайды. Бүгінде бұл жобаға ай сайын 117 доллар қаражат кетеді екен. Егер демеушілер табылса, ауылдардың санын 40-қа жеткізу көзделген.

Дайындаған Айкерім НӘЛДІБЕКОВА.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *