Түнгі Алматыда тазалық сақтайық!

Түнгі Алматыда тазалық сақтайық!
Сурет: О.Жолдыбай

Жастар, айналамызға ұқыптылық танытайық!

Бірде әл-Фараби университеті жағына қарай жол тарттым. Аздап серуендеп, бой жазғым келді. Біраз қыдырдым. Үйге қарай беттеп келемін. Оқу орны алдындағы жерасты жолына түстім. Содан көтеріле бергенде, шашылған, сыймай аузы-мұрнына тірелген қоқысты көрдім. Ойланып тұрып қалдым. Мұнда, білім ошағының маңы болған соң, жастар көп жүреді. Үсті-үстіне әкеліп тастауда. Ал ертесіне соны жинайтын, үлкен аға-апалар. Ойланайық, тазалыққа мән берейік.