Сәкен Бибосынов бірінші жеңісіне ие болды

Сәкен Бибосынов бірінші жеңісіне ие болды
Сурет: Kfb.kz

Алғашқы жеңіс бізде!

Ұлттық Олимпиада Комитетінің мәліметінше, бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасындағы бірінші жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

52 келіде сынға түскен Сәкен бірінші айналымда Пуэрто-Рико өкілі Янкьель Ривера Фигероамен кездескен болатын. 

Аталған жекпе-жекте қазақстандық боксшы 4:1 есебімен қарсыласын тізе бүктірді.