«Сүйемін сені, Алматы» көше мәдениеті фестивалі өтеді

«Сүйемін сені, Алматы» көше мәдениеті фестивалі өтеді
Сурет: Sxodim.com

 Алматы қаласының Мәдениет басқармасы мегаполис тұрғындары мен қонақтарына Қала күнін атап өту аясында түрлі мерекелік бағдарлама әзірлеп қойды, соның ішінде ерекше атап өтуге тұрарлығы «Сүйемін сені, Алматы» деген символикалық атауы бар street festival.

17-18 қыркүйек күндері Абай алаңында Абай шығармашылығына арналған театрландырылған перфоманс ретро фестивалі өтеді. Сопы кейіптегі актерлер көрермендерді белсенді актерлік іс-әрекетке тартады, ал стильденген муза іздеуші жас ақындар шабытты көптің көзінен іздейтін болады. Шиыршық қағаздардағы ақын өлеңдері алаңда қайта жанданып, ал бұл таңғажайып көріністі өткен ғасыр костюмдерін киген ходулистер толықтырмақ. Кез келген адам қалауы бойынша қазақ ұлттық музыкалық аспаптары интерактиві мен қазақы оригами жасау бойынша шеберлік сыныбына қатыса алады. Сондай-ақ Абай, Жамбыл, Шоқан Уәлиханов сияқты тарихи тұлғалар кейіпіндегі биік фигуралардың шеруі де жоспарланып отыр.

Дәл осы Абай алаңында композитор Шәмші Қалдаяқовтың ұлы, Абай атындағы ҚҰОБТ-ның дирижері Мұхтар Қалдаяқовтың басқаруымен эстрадалық симфоникалық оркестрдің және Алматы сахнасындағы алдыңғы қатарлы опералық солистердің қатысуымен Абай шығармашылығына арналған жанды коцерт өтеді. Композиторға арналған фотоаймақтар мен фотогалереялар 60-70 жылдардағы Алматы атмосферасын бейнелейтін болады. Ал вальс билеушілерге арнайы би алаңы ұйымдастырылады.