Сұлу жырдың  Салтанаты

Сұлу жырдың  Салтанаты

Қала күніне орй “Алатау" дәстүрлі өнер театрының сахнасында Алматы қаласы әкімдігінің, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен "Жекпе-жек" айтыс өтті. Аламан додаға  2015 жылғы "Алтын домбыра" айтысының жеңімпазы Аспанбек Шұғатаев пен 2021 жылғы "Асыл домбыра" айтысының жеңімпазы Қазірет Бердіхан қатысты.

Қазірет пен Аспанбектің арасындағы болған айтысқа келген көрермен санында шек болмады. Екі ақынның да өз жанкүйерлері бар екенін осы айтыс дәлелдеді. Қала күніне арналған айтысқа Алматы қаласының әкімі Досаев Ерболат мырза арнайы келіп қатысты. Айтыстың бір ерекшелігі сахна төрінде қос ақынды айтыстың соңына дейін "Алатау" дәстүрлі өнер театрының "Алатау" фольклорлық ансамблі сүйемелдеді. Қос мықтының айтысының алдында көрермен көзайымына айналған Оралдық Мұрадым Мирланов пен Абай облысының жас жұлдызы Айшолпан Тілеутай өнер көрсетті. Айтысқа төрелік жасаған айтыскер ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Серік Қалиев бастаған, ҚР Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары, ақын Бақыт Беделхан және айтыскер ақын Мақсат Аханов жекпе-жектің жеңімпазы деп Қазірет Бердіханды таныды.

Айтыстың құрметті қонағы ретінде көрермендер қатарынан Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Нұрғали Нүсіпжанов, Асылы Осман, Алмас Ахметбек сынды ел азаматтары орын алды.