Суретші Рерихтің көрмесі өтеді

Суретші Рерихтің көрмесі өтеді
Сурет: Gmirk.kz

Көрмеде символдық мағынаға ие түрлі сюжеттік композициялар ұсынылған.

Ертең сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде орыстың әлемге белгілі суретшісі Николай Константинович Рерихтің (1874-1947)  «Рухтың шыңдары» атты көрмесі ашылады, деп хабарлайды хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Картиналар көрермендерге сиқыр және ескі салт-жоралардың куәгерлері болуға,  өзіндік тәжірибенің мүлгіген тыныштығын сезінуге, тарихи оқиғалар және тылсым дүниелерге таңдануға мүмкіндік береді. Биік таулар - кенептердегі композициялардың айырылмас бөлігі. Таулардың жиектерінде Иса, Мұхаммед пайғамбар және атақты жаулаушы Шыңғысхан бейнеленген. Рерих түрлі аса танылмаған аңыз-әңгімелер, нақылдар және ескі болжамдарды қолданады.