Суперлига футболдың түбіне жете ме?

 

Өткен жексенбіде Еуропада футболдан Суперлига құрылғаны жарияланды. «Милан», «Арсенал», «Атлетико», «Челси», «Барселона», «Интер», «Ювентус», «Ливерпуль»,«Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Реал» және «Тоттенхэм» командалары Суперлига құрушылар ретінде лигаға кіреді.

Шынын айтқанда, бұл идея көптен бері талқыланып жатқан еді. Бірақ бай клубтар оны қос қол көтеріп
қолдағанмен, орта деңгейлі және кедей командалар бірден қарсы болды. Суперлига құрылса, УЕФА
чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы сияқты еурокубоктардың еш маңызы қалмауы мүмкін. Қазір
Чемпиондар лигасы әлемдегі ең үздік және ең табысты турнирі саналады. Суперлига кіл мықты командаларды жинап алса, мұндай сындардың мәртебесі төмендейтіні
өзінен-өзі белгілі.
Суперлигада жалпы 20 команда өнер көрсетеді деп күтіліп отыр. 12 клуб сапына тағы үш команда алғашқы маусым басталар қарсаңда қосылады. Қалған бес команда биылғы ұлттық біріншіліктің қорытындысы бойынша таңдалады. Лига тамыз айында басталатын сияқты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ойындар апта ортасында өтеді. Турнирді құрушы клубтар басқарады. Командалар ұлттық біріншіліктерде де ойнай береді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *