Сумен қамтамасыз ету және су бұру

Сумен қамтамасыз ету және су бұру Сурет: AVESTA News

Бүгінгі күні «Әлмерек» шағынауданындағы үйлер 100%, «Қайрат» шағынауданындағы үйлер 80%, «Нұршашқан» шағынауданындағы үйлер 30% қосылған.


2022 жылдың соңына дейін «Жас Қанат» (530 үй, 2 650 тұрғын «Jasyl El Qyrulys» ЖШС) және «Шуақты» (400 абонент, 1500 тұрғын) шағынаудандарында, Закарпатская көшесінде (70 абонент, 260 тұрғын) желілер салынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Биыл қалаға қосылған «Әлмерек», «Қайрат», «Нұршашқан» шағынаудандарындағы үйлердің 90%-ы сумен қамтамасыз ету және канализацияның магистральдық және квартал ішіндегі желілері тартылды. (3,3 мың үй учаскелердің шекарасына дейін 137,2 км). 2,9 мың үйге желілерді тұрғындардың өздері қосып жатыр», - деді қала басшысы.



Анықтама: «Әлмерек» шағынауданындағы 1 100 үйдің 819-ы қосылған. «Қайратта» 1400 үйдің 1 265-іне сумен қамтамасыз ету  желілері тартылды, 280 абонент қосылды. «Нұршашқан» шағын ауданындағы барлық 821 үйге сумен желілері тартылды. Осылайша тағы 1 мың үй қосылады.


«Нижняя пятилетка» шағынауданындағы жұмыстарды 2023 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған (4120 үй, 16 000 тұрғын, «Алвис» ЖШС).



«Бұдан басқа, жылдың соңына дейін 8,3 км 11 учаскедегі желілер реконструкцияланады. «Әлмерек», «Маяк», «Қайрат» шағынаудандарының тұрғындарын орталықтан сумен және су бұру желісімен толық қамту мақсатында қалған 1200 үйлерге желілер салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.  Құрылысты 2023 жылдың II тоқсанында бастауды жоспарлап отырмыз», - деді мегаполис әкімі Е.Досаев.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:45

13:23

12:51

12:45

12:37

12:14

12:04

11:39

11:37

11:32

11:22

10:59

10:37

09:59

09:21

09:19

09:11

09:11

08:37

08:21

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38