Судьялықтан үміткерлер тестілеуден өте алмаған

Судьялықтан үміткерлер тестілеуден өте алмаған
Сурет: Kommersant.ru

Психологиялық тестілеуге барлығы 88 кандидат қатысқан. 

Жоғарғы сот кеңесінің мәліметінше, судья лауазымына үміткер 32 адам психологиялық тестілеуден өткен жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, судья лауазымына біліктілік емтиханынның төртінші кезеңі – судьялыққа кандидаттардың психологиялық тестілеуден өтуі аяқталды.

"Психологиялық тестілеуге, жалпы алғанда, 88 кандидат қатысты. Психологиялық тестілеудің нәтижелері бойынша тестілеуден сәтті өткен 56 кандидат біліктілік емтиханының келесі кезеңі – Біліктілік комиссиясының мүшелерімен сұхбаттасуына жіберіледі", - делінген хабарламада.

Қалған 32 кандидат психологиялық тестілеуден өте алмай қалған.

Айта кетсек, бүгін Мемлекет басшысы "Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық заңға қол қойды.