Судьялар кез келген мәселені шешкен кезде ешкімге тәуелді болмауы керек - Жолдау

Судьялар кез келген мәселені шешкен кезде ешкімге тәуелді болмауы керек - Жолдау
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Жолдауға үн қосу. 

Ақылбек Исабеков, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің профессоры:

Ата Заңымызда айтылғандай, адамның құқықтары, оның бостандығы - басты қазынамыз. Яғни, кез келген адамның құқығы бұзылған жағдайда, сот төрелігіне, яғни сот әділдігіне жету үшін оар сотқа жүгінеді. Судьялар кез келген  жаңа мәселені қарап, шешкен кезде ешкімге тәуелді болмауы керек. Бұл - басты қағида. Яғни, сот тәуелсіз болуы керек қараған кезде. Өзінің соттың төрағасына немесе одан да жоғары тұрған инстанция - төрағаларға бағынышты болмауы үшін, яғни, осылардың өзін өздерінің арасында сайлау. Үміткерлерді баламалы түрде сайлау үшін Сенатта сайлау мәселесін атап өтті. Бұның бәрі - осы сот төрегілігіне байланысты айтылған мәселелер.