Жалған: 50 000 теңгелік мемлекеттік субсидия

Жалған: 50 000 теңгелік мемлекеттік субсидия
Сурет: Dontimes.ru

Елу мың беріледі деген жалған ақпарат тарады

What‘s App мессенджерінде қазақстандықтарға ҚР Қаржы министрлігінен белгілі бір «мемлекеттік субсидия» төлеу туралы хабарлама таратылуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл фейк, деп хабарлайды Stopfake.kz. Хабарламада ұсынылған ҚР Қаржы министрлігінің сілтемесі іс жүзінде бөгде ресурсқа апаратыны көрініп тұр.

Министрліктің ресми порталында мемлекеттік субсидиялар төлеу туралы хабарландыру жоқ.

Мұндай төлемдер туралы БАҚ-та да, басқа ресми ресурстарда да хабарланған жоқ.