Су уақытша тоқтатылады

Қалалықтар қаперіне

«Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жаңа су құбырларын магистральдық желілерге қосу үшін Алмалы және Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылатынын хабарлады.
23 ақпан күні таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 16.00-ге дейін Алмалы ауданына қарасты Әуезовт – Төле би – Розыбақиев – Гоголь көшелерінің бойында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандарда суық су болмайды.
26 ақпан күні таңғы сағат 9.00-ден кешкі сағат 16.00-ге дейін Райымбек даңғылы мен Розыбақиев көшесінен Байзақов көшесіне дейін, сондай-ақ Жетісу ауданына қарасты Бродский – Федоров – Кудерин көшелерінің бойындағы тұрғын үйлер мен басқа ғимараттарға су беру тоқтатылады.
«Суық сумен қамтамасыз етуді тоқтату жаңартылған сумен жабдықтау жүйесін желіге қосу үшін қажет. Осы уақыт аралығында денсаулық сақтау, білім беру және басқа да әлеуметтік ғимараттарға цистерналармен су жеткізу жұмыстары ұйымдастырылады. Қолайсыздықтарға түсінікпен қарауларыңызды сұраймыз. Сұрақтар бойынша 274-66-66 нөміріне хабарласа аласыз», – деп хабарлады «Алматы су» өкілдері.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *