Су ресурстары халықаралық деңгейде қалай басқарылады?

Су ресурстары халықаралық деңгейде қалай басқарылады? Сурет: Gov.kz

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық су ағындарының кеме жүрмейтін түрлерін пайдалану құқығы туралы конвенция аясында трансшекаралық өзендердің суын бірлесіп пайдалану мәселесін шешуге ниетті.


Қазақстан 2024 жылы аталған конвенцияға қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz сала министрлігіне сілтеме жасап.


Конвенция трансшекаралық өзендердегі судың әділ бөлінуін қамтамасыз ететін және оны пайдалануды реттейтін халықаралық құжат болып табылады.


Халықаралық келісім су бөлуге қатысты ықтимал дауларды шешу үшін және барлық тараптың мүддесіне сай су ресурстарын дамытуға мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық тетіктерін жасайды.


Конвенцияға сәйкес су ағыны мемлекеті өз аумағында халықаралық су ағынын пайдалану кезінде басқа мемлекеттерге зиян келтірумеу үшін тиісті іс-шараларды қабылдайды. Сондай-ақ су ағыны, судың сапасы және тиісті болжамдар туралы қолжетімді деректермен тұрақты негізде бөліседі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38