Су басуға қарсы жұмыстар қаланың коммуналдық қызметтерінің бақылауында

Су басып  қалудың алдын алу және  оны болдырмау үшін ТЖД Алматының  аудандық  әкімдіктерімен бірге  жиі су басып  қалатын  17 учаскені анықтап, оларға жүйелі мониторинг жүргізіп, нақты шараларды іске асырды.Бүгінде  Алматы қаласының  азаматтық қорғау қызметінің  күштері  мен техникалары су басып  қалуы  мүмкін учаскелерге жауын- шашыннан бұрын   жеткізілді, инертті материалдар  әзірленді.

Таңғы сағат 10:00-де мына мекен-жайлардағы су басып  қалу оқиғалары  тіркелді, олар:

1. Медеу ауданы- Электр қуатының болмауына байланысты әл-Фараби мен Назарбаев  даңғылдарының қиылысындағы көпір астында сорғы сөніп, су жиналды.  Қазіргі уақытта аудандық коммуналдық қызметтер сол жерде жұмыс жасауда (Алматы Тазалық, Алматы су, Құтқару қызметі 109,) 2 арнайы техника мен 6 мотор сорғысы іске қосылды. Сорғы станциясы да қосылған
2. Алмалы ауданы — Мұқанов көшесін су басуы бойынша «Алматы Тазалық»  қызметкерлері жұмыс жүргізіп, аяқтады. 30 қап инертті материал пайдаланылды- жұмыстар аяқталды.
3. Бостандық ауданы — Есеналиев көшесі 33- 5 қабатты үйдің жертөлесіне су жиналды, су арық жүйесіне бұрылды, 40 қап қолданылды.
4. Әуезов ауданындағы 9-ықшамаудан, 51-үйде жертөлені су басты. «Алматы Тазалық»  қызметкерлері жұмыс жүргізіп, аяқтады.
5. Түрксіб ауданында — Қайрат 93 ықшамауданы бойынша ЖТҮ ауласын су басты, «Алматы Тазалық»  қызметкерлері жұмыс жүргізіп, аяқтады.

Соңғы бес жылда қалада 497 км арық жүйесі салынып, 40 км көл саласы ретке келтіріліп, жағасы бекітілді. Бұл шаралар су басу мүмкін орындар санын 3,5 есе азайтуға мүмкіндік берді. Алматы қаласы бойынша 376 км арық желісін салуға ЖСҚ әзірленіп жатыр. Жобаны жүзеге асыру 2021-2023 жылдарға жоспарланған.

Бүгін Алматы қаласының азаматтық қорғаныс қызметтерінің күші жауын басталғанға дейін су басу қаупі бар аймақтарға жіберілді, инертті материалдар әзірленді.

Жалпы, жағдай бірқалыпты, бақылауға алынды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *