Студенттер әзілі
Студенттер асханасы.
– Апай, бір порция манты беріңізші.
– О, жаңалық қой! Шәкіртақы алдың ба?
– Жоқ! Және бес қасық беріңіз!
***
Екі студент кездесіп қалады. Біріншісі екіншісінен:
− Қайда асығып бара жатырсың?
− Емтиханға.
− Қай пәннен?
− Барғасын айтады ғой…
***
Студент қыз жатақханаға келсе, құрбысы жылап отыр екен. Досынан:
– Не болды, неге жылап отырсың? – деп сұрайды.
– Ата-анама компьютер үшін ақша керек деп жазып жіберіп едім ғой.
– Содан, ақша берген жоқ па?
– Одан да жаманы болды ғой, ата-анам маған компьютер беріп жіберді!
***
Емтихан өтіп жатыр. Келесі бір студент келіп кіргенде профессор оның қатты мазасызданып тұрғанын байқап:
– Сіз неге соншама абыржып тұрсыз? Менің сұрақтарымнан қорқасыз ба? – деп сұрайды. Студент:
– Жоқ, мен өзімнің жауаптарымнан қорқып тұрмын, – деген екен.
Әзірлеген Нұр ЖАМАЛ.