Стратегиялық зерттеулер институтына жаңа директор тағайындалды

Стратегиялық зерттеулер институтына жаңа директор тағайындалды Сурет: Inform.kz

Бұл қызметке Еркін Тұқымов келді. 


Мемлекет басшысының өкімімен Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Зарема Каукенқызы Шаукенованы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметінен босатқан болатын.


Еркін Тұқымов 1973 жылы Өзбекстанда, Термез қаласында туған. 1997 жылы Варшава халықаралық қатынастар институтын үздік бітіріп, 2004 жылы ҚР Ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының аспирантурасын тәмамдады.


Еңбек жолын 1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты сыртқы саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері ретінде бастады.


2000-2005 жылдары - ҚСЗИ сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі.


2005-2007 жылдары Орталық Азия демократияны дамыту қорының бас директоры болды.


2007-2008 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде ақпараттық-талдау орталығының стратегиялық талдау секторының меңгерушісі, Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының стратегиялық халықаралық ықпалдастық секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды.


2008 жылдың маусымында ҚР Сыртқы істер министрлігі Орталық Азия департаменті директорының орынбасары, кейіннен департамент директоры болды.


2010 жылғы қаңтар айында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Талдау бөлімінің меңгерушісі болды.


Қазақстанның Қазандағы бас консулы лауазымына 2018 жылы тағайындалды.


2019 жылы Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінің кеңесші-елшісі болды.


Дипломатиялық дәрежесі - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ІІ сыныпты кеңесшісі.


«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.


Үйленген, қызы және ұлы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17

13:14

13:09

13:02

12:51

12:35

12:17

12:11