«Странджа» турнирі: қазақстандық бес боксшы қыз ширек финалға өтті

«Странджа» турнирі: қазақстандық бес боксшы қыз ширек финалға өтті
Cурет: Olympic.kz

Болгарияның София қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы дәстүрлі "Странджа" турнирі жалғасып жатыр

Жарыстың екінші күнінде қазақстандық бес боксшы қыз ширек финалға өтті деп хабарлайды, Almaty-akshamy.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

48 келідегі Алуа Балқыбекова румыниялық Дута Стелутаны, 50 келідегі Назым Қызайбай ресейлік Екатерина Пальцеваны, 54 келідегі Балауса Мұздиман испаниялық Мария дель Карменді, осы салмақтағы Дина Жоламан үндістандық Шикшаны, 57 келідегі Карина Ибрагимова украиналық Анастасия Ковальчукті жеңіп, турнирдің 1/4 айналымына жолдама алды. 

Өкінішке қарай, Анель Құдайберген (48 келі), Жазира Орақбаева (50 келі), Арайлым Марат, Жайна Шекербекова (52 келі) және Анжа Сәдуақасова (57 келі) екінші айналымды жарыс жолын босатты.