Степногор қаласында апат жойылып, тұрғын үйлерге жылу беріле бастады

Степногор қаласында  апат жойылып, тұрғын үйлерге жылу беріле бастады
Сурет видеодан алынды

Степногор қаласында кварталішілік жылу магистраліндегі апат жойылып, тұрғын үйлерге жылу беріле бастады. 

- 8 желтоқсанда 08:10-да дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, жүйеге су жіберілуде. «Степногорск Теплотранзит» ЖШС мамандары қала тұрғындарының үйлерінде жылумен жабдықтауды қалпына келтіру және апатты жою бойынша жұмыстар жүргізді. Оны аймақ басшысы Марат Ахметжанов өзі бақылап жүр», - делінген облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінде.